Астанадағы халықаралық автокөлік көрмесі: электрокарлар ұлттық брендке айналуы мүмкін

Елордамызда жылдың басты автокөлік оқиғасы - «Astana International Auto Salon - 2015» (AIAS-2015) ІІІ Халықаралық автокөлік көрмесі өтті. 

Көрмеде Peugeot, JAC, Ssang Yong, RENAULT, IVECO, Hyundai, ГАЗ, Dena, КАМАЗ, БАРС, СКАУТ сияқты атақты брендтер көрсетіліп, әлемдік және отандық автокөлік құрастыру, автокомпоненттік саланың басқа да жетістіктері таныстырылды. 

Айта кеткен жөн, Халықаралық елорда автосалоны қоршаған ортаға аз зиян тигізетін инновациялық технологияларды қазақстандық автожолдарға енгізуге көмектесетін «жасыл» тақырыпты сақтап келеді. Бұл «Болашақ энергиясы» тақырыбында өтетін «EXPO-2017» дүниежүзілік көрмесі қарсаңында аса өзекті болып отыр.

Аталған көрменің хитіне айналған қалалық комплектациядағы электромобиль келушілердің назарын өзіне аудармай қоймады.

Көрме жұмысына шетелдік миссиялар дипломаттары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, ұлттық компаниялардың, отандық және шетелдік кәсіпорындардың, таксомоторлық саябақтардың өкілдері, автокөлік саласының кәсіпқойлары, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтары қатысты.  


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу