ҚР Инвестициялар және даму министрлігін Ж.Қасымбек басқарады

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен инвестициялар және даму министрі болып Жеңіс Қасымбек тағайындалды.
 
«Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі болып тағайындалсын», - делінген Ақорда сайтында жарияланған құжат мәтінінде. 
 

Бұған дейін 2014 жылдан бастап Ж.Қасымбек ведомствоның бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

Ж.Қасымбек 1975 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын және Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Әр жылдары «Ақтау халықаралық теңіз порты» РМК директоры, ҚР көлік және коммуникация вице-министрі, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарды. 2014 жылғы наурызда ҚР көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу