Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі болып Асқар Мырзахметов тағайындалды

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұжымына жаңа министр - Асқар Мырзахметовты таныстырды. 
 
Премьер-Министр бүгін ауыл шаруашылығы министрі
 Асылжан Мамытбеков отставкаға өтініш білдіргенін және оны Елбасының қабылдағанын мәлімдеді. 
 
Кәрім Мәсімов алдынғы министрге жасаған жұмысы үшін алғыс айтып, ал А.Мырзахметовке жаңа қызметінде табыс тіледі. 
 
А.Мырзахметовтың ауыл шаруашылығы және экономикалық білімі бар. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
 
Аспирантураны аяқтаған соң 1988 жылдан бастап 1991 жылға дейін Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы академиясының шығыс бөлімінің жүйесінде кіші, сосын аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.
 
1991-1997 жылдары - шаруашылық субъектілердің және қоғамдық ұйымдардың басшысы (Орта Азия және Қазақстан 
биржалары Қауымдастығының Басқарма төрағасы, Қазақстан Кәсіпкерлері Форумы Кеңесінің төрағасы);
 
1997-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы
вице-министрі, бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі болып қызмет етті.
 
2006-2007 жылдары – Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі;
 
 
2007-2009 жылдары – «Оңтүстік» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы. 
 
 
2009-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі. 
 
2015 жылдың тамызынан Нұр Отан партиясы төрағасының бірінші орынбасары;
 
2016 жылдың қаңтарынан «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен партияның сайлау алдындағы  штабын басқарды.
 
 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу