ҚР Ұлттық экономика министрлігі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында салық режіміне бірқатар өзгертулер енгізуді ұсынды
Жағымды кәсіпкерлік орта және еліміздің одан әрі тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жағдай жасау мақсатында Ұлттық экономика министрлігі салықтық режімге бірқатар өзгертулер енгізуді ұсынды. Салық саясаты мәселелері бойынша түзетулер ведомство әзірлеген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көрініс тапты.
Салық салу бойынша нормативтік құжаттарға өзгертулердің бір бөлігі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында қарастырылған.
Осылайша, ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, жаңа құжатта Қазақстан Республикасының халықаралық кеме
тізілімінде тіркелген және халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын теңіз
кемелері үшін салық салудың ерекше тәртібін енгізу ұсынылған. Норма «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының шеңберінде қарастырылған. «Қазақстанды халықаралық көлік-коммуникациялық ағымдарға интеграциялау» №65 қадам және отандық жүк тасымалдаушылардың бәсеке қабілеттіліктерін жоғарылатуға бағытталған.
Оған қоса, 2015 жылғы 1 қаңтардан 2016 жылғы 1 шілдеге дейін екінші деңгейдегі банктері Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 131 млрд теңге сомасындағы ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру бағдарламасына кіретін берешекті кешіру кезінде жеке табыс салығынан босату. Бұл норма ипотекалық қарыз алушылардың мәселелерін шешу және халықтың әлеуметтік әлсіз топтары санатына көмек көрсету, және де банктік жүйені сауықтыру мақсатында ұсынылады.
Ведомствоның мәліметінше, кешіруге жататын қарыз алушылардың қарыздарының жалпы сомасы – 50,7 млрд теңгені құрады (оның ішінде 46,0 млрд теңге сыйақы, 4,5 млрд теңге – айып төлем, 0,2 млрд теңге – комиссия). Көрсетілген қарыздарды кешіру кезінде туындайтын ЖТС сомасы 5,007 млрд теңгені құрайды.
Сонымен қатар, құжатта әуежай қызметінен кірістерді және әуе
тасымалымен байланысты, техникалық қызмет көрсетуден кірістерді КТС босату қарастырылған. 2012 жылдың 28 тамызында Алматы-Гонконг бағыты ашылған болатын. Қазіргі күнде Қазақстан мен Гонконг арасында екі жақты салық салуды болдырмау туралы конвенция жоқ және Гонконгтың жеңілдікпен салық салушы ел болып табылатындықтан, қазақстандық әуе компаниялары кіріс түрінен тәуелсіз, Гонконгте тіркелген, компанияларға төленген, кірістен «ұсталатын» 20% мөлшерінде төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы түрінде қосымша салықтық жүктемені алып жүруге мәжбүрлі.
Осылайша, ҚР әуе компаниялары салықтарды өздерінің қаражаттарынан төлейді, бұл КТС тиімді ставкасының жоғарылауына алып келеді.
Жеке тұлғалардың кәсіпкерлік мақсатқа сай емес әкелген тауарларын жанама салық салудан босату. 2014 жылдың 29 мамырындағы ЕАЭО туралы Келісімшартқа сәйкес келтіру мақсатында жеке тұлғалардың кәсіпкерлік мақсатқа сай емес әкелген тауарларын жанама салық салудан босату бойынша нормалар ұсынылады (авто көліктер және халық тұтынатын тауарлар бойынша).
Минералдық шикізаттар, кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшықтар жөніндегі келісімшарттар үшін – келісімшарттық аумақты кеңейту кезінде пайдалы қазбалардың сәйкес түрлеріне ең төменгі мөлшерде қол қойылатын бонустың мөлшерін белгілеу тәртібін реттеу қарастырылған.
Түзетулер қоғамдық ұйымдарға көлік құралдары салығы бойынша қозғалтқышының көлемі 3 000 текше см.-ге дейінгі бір жеңіл көлік және бір автобус бойынша жеңілдік беруді көздейді.
Әлеуметтік қолдау
көрсету мақсатында құрылтайшысы мүгедектердің қоғамдық бірлестігі болып
табылатын мүгедектер және заңды тұлғалардың қоғамдық бірлестіктерінің авто
көліктері бойынша көлік құралдары салығы бойынша жеңілдікті ұсыну
қарастырылады.
Норма аймақтық әуежайлардың инфрақұрылымы бойынша (Астана және Алматы әуежайларын қоспағанада) мүлік салығының мөлшерлемесін 1,5%-дан 0,1%-ға дейін төмендету мақсатында қарастырылады
Бұл норма
Мемлекет басшысының 5 институционалдық реформаларын жүзеге асыру бойынша «100
нақты қадам» Ұлттық жоспарда қарастырылған 67 қадамды іске асыру мақсатында
ұсынылады.
Бірыңғай жер салығын төлеу негізінде қызметін жүзеге асыраты шаруа және фермер қожалықтарын қолдау мен дамыту үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жиынтық аудандарының шекті көлемін ұлғайту ұсынылады.
Бұл норма топырақ-климаттық аймақтардағы шөлді, шөлейт және тау бөктеріндегі шөлді-далалық жерлерде отарлы мал шаруашылығымен айналасатын шаруа және фермер қожалықтары БЖС қолдану үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жиынтық аудандарының шекті көлемін бекітеді. Отарлы мал шаруашалығын дамыту мақсатында осындай жерлерде шектеу 1 500 гектардан 5 000 гектарға дейін ұлғайды.
Бірыңғай жер салығын төлеу негізіндегі арнаулы салық режемін қолдану бойынша шектеулерді белгілеуге байланысты жалпыға бірдеу тәртіпке көшкен шаруа және фермер қожалықтар үшін салық салуды тең жағдайлар құру мақсатында ауыл шаруашылығы таурларын өндіруші заңды тұлғалар салық кодексінің 63-тараулында көзделген 70 % -дық жеңілдікті заңдытұлғаларға да және шаруа және фермер қожалықтарына да таратуды ұсынады.
Сонымен қатар, азаматтық авиация саласында шағын бизнесті ынталандыру, аймақтық шағын авиация инфрақұрылымдарын дамыту мақсатында түзетулер ұсынылған.
Авиация саласында бір қатар алымдарды алып тастау, сонымен қатар алым ставкаларын төмендету және авиация салысындағы сертификациялар үшін алым ставкаларын төмендету ұсынылған. Қолданыстағы алым ставкалары авиациялық кластеріндегі шағын және орта бизнесті дамыту бойынша ең басты факторларың бірі болып табылады.
Экономика салаларының экономикалық тиімділігін арттыру үшін және қолдау мақсатында тауарлардың импорты кезінде қосымша құн салығын есепке жатқызу арқылы төлеу көзделген норманың мерзімін 2022 жылға дейін ұзарту ұсынылып отыр.
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою шегінің мәні 59,4 млн теңгеден 6,4 млн теңгеге дейін төмендету нормасы Ұлт жоспары «100 нақты қадам» № 44-қадам шеңберінде қарастырылған. Дүниежүзлік банк сарапшыларының есебі бойынша Швеция, Нидерланд, Германия, Бельгия, Франция, Люксембург сияқты елдерде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою шегінің мәні мүлдем жоқ. Норвегия, Дания, Финляндияда тіркеу есебіне қою шегінің мәні 6 695 евродан 8 500 евроға дейін. Литвия, Латвия, Австрия, Ирландия, Ұлы Британияда 28 960 евродан 90 906 евроға дейін. Сондықтан, әлем бойынша Қазақстанда ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою шегінің мәні ең жоғары болып табылады.
Салықтық жаңашылдықтар ұялы байланыстын екінші және ұшінші ұрпақтары және мобильдік байланыс төртінші ұрпақтің түрі радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін жылдық төлемақының арттыруды қарастырады.
Шағын және орта бизнес қолдау мақсатында дара кәсіпкерлерді тіркеуге алымдарды төлеуді жою және тіркеу органына соңдай алымды бюджетке төлеуді куәландыратын құжатты ұсынуды қарастырылған.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз