ҚР ИДМ: арнайы экономикалық аймақтарды дамыту үшін кәсіби басқарушы компаниялар шақырылады

Арнайы экономикалық аймақтарды тиімді дамыту үшін кәсіби басқарушы компаниялар тартылады. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында өткен брифингте хабарлады.

 

Жаңа кәсіпорындарды құру мақсатында инфрақұрылымы дайын жер телімдерін пайдаланудың кезеңділігін енгізу қажет, оған қоса АЭА-ның оның ерекшелігімен байланысты түрлі бағыттылығын ескеру керек.

«Бізде мұнай-химияға, металлургияға, логистиканы, туризмді дамытуға бағдарланған АЭА бар. Оларға әлемдік жетекші инвесторларды бірден әкелу оңай емес. АЭА-ға шетелдік инвесторлар енуі үшін кәсіби басқарушы компанияларды тарту қажет. Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев осы жұмысты жандандыруымызды тапсырды», - деді Е. Хаиров.

Спикер «Ақтау теңіз порты» АЭА дамытуға БАӘ-де қызмет тәжірибесі бар жетекші компанияны тарту бойынша келіссөздердің жүргізілуі туралы хабарлады.

Өз кезегінде, химиялық және мұнай-химиялық кластерге Сингапурдың табысты компанияларын шақыру жоспарланған. Бұдан өзге, Ирландияның атақты басқарушы компаниясы Қарағанды облысында АЭА дамыту жұмысын бастауды жоспарлады. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу