Мұнай өндіру көлемі 49,9 млн тоннаны құрады — энергетика министрі

Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2025 жылғы қаңтар-маусым айларындағы отын-энергетикалық кешенінің жағдайы туралы баяндады.

Министрдің сөзінше есепті кезеңде мұнай өндіру көлемі 49,9 млн тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,6%-ды құрады. Осы жылғы қорытындысы бойынша мұнайды өндіру 96,2 млн тонна деңгейінде күтілуде. Есепті кезеңде мұнай экспорты 39,6 млн тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,9%-ды құраған.

«Осы жылдың қорытындысы бойынша мұнай экспорты 70,5 млн тонна деңгейінде күтілуде. Газ саласы туралы тоқталсақ, есепті кезеңде 34,6 млрд м3 газ өндірілді, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,6% құрады. Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 11,5 млрд м3 құрады, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 100,6% орындалды. Есепті кезеңде ел аумағында газ транзитінің көлемі 35,7  млрд м3 құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 108,5% құрайды», — деді энергетика министрі Ерлан Ақкенженов.

Ведомство басшысының мәліметінше биыл қаңтар-маусым айларының қорытындысы бойынша шамамен 7,6 млн тонна мұнай өнімдері өндірілген немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,8%-ды құрады. Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндіру көлемі 382 мың тоннаны немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112,5%-ды құрады. 

«Есепті кезеңде 62,2 млрд. кВтсағат электр энергиясы өндірілді, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,3% құрады. Осы жылғы 6 айда жаңартылатын энергия көздері нысандарынан электр энергиясын өндіру 4,2 млрд кВтсағатты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107,2% құрады», — деді министр.

#Жанар-жағармай материалдары #Энергетика #Үкімет отырысы

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу