Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновті Шымкент қаласының әкімі етіп тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. 

«Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалсын», — делінген Президент Жарлығында.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Қуанышұлы Айтаханов Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу