2014-2016 жылдарға Спорт істері агенттігінің шығындары 133 млрд астам теңгені құрайды - Т. Есентаев
Таяу екі жылда ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің (СДШІА) шығындары 133 млрд астам теңгені құрайды, деп хабарлады СДШІА төрағасы Тастанбек Есентаев Агенттіктің алқа отырысында.
«2014-2016 жылдарға агенттік шығындары 133 381,4 млн теңге сомаға жоспарланған», - деді Т. Есентаев.
Оның айтуынша, 2014 жылы агенттік шығындары 44,4 млрд теңге көлемінде қарастырылған; 2015 жылы - 56, 6 млрд теңге; 2016 жылы - 32 млрд теңге.
Сонымен қатар, ол агенттік бюджеті 2013 жылы 32 млрд теңгені құрады.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз