ҮИИДМБ ірі индустриалды жобаларына ҚР Ұлттық қорынан 75 млрд теңге бөлінеді – Қ.Бішімбаев

Үдемелі-индустриалды инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығы шеңберінде іске асырылатын ірі жобаларды жүсеге асыру үшін «Бәйтерек» холдингісіне ұлттық қордан 75 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бішімбаев мәлім етті.

«Жақын арада бізге 75 млрд теңге бөлінеді. Қомақты қаржы ірі өндірістік индустриалды жобаларға арналған. Бұл қаржы УИИД МБ екінші бесжылдығын жүзеге асыруға бағытталады, 75 млрд теңге Қазақстанның Даму банкіне жіберіледі », - деп мәлімдеді Қ. Бішімбаев.

Сонымен қатар, холдинг басшысы атап өткендей, 75 млрд теңгенің үстіне ҚДМ қосымша 150 млрд теңгені тартатын болады.

«Демек, ұлттық қордан тартылған 1 теңгеге ҚДБ үстінен 2 теңгенің сыртқы көздерден тартатын болады. Қорыта келгенде бағдарлама 225 млрд теңгені құрап, қаржы ҮИИД МБ екінші бесжылдығы шеңберінде жүзеге асырылатын жобаларға бөлінеді», - деп толықтырды ол.

Қ.Бішімбаев баса айтқандай, бағдарлама бойынша жаңа шарттар қойылады.

Оның айтуынша, қажетті қаржы 5% және 7,5% аралығында жылдық үстемақысымен 20 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

«ШОБ бағдарламасы аясында, Ұлттық қордан қаражатты игеру аясында шаралардың үлкен блогін қабылдадық. Айта кетерлігі, 100 млрд бұл айтарлықтай сома, несиелеу 6 пайызбен 10 жылдық уақытқа беріледі. Өзіміз үшін Бірыңғай экономикалық кеңістік (БЭК) және КО кеңістігінде осындай жағдай жасалған ба талдап, тексердік. КО кеңістігінде ғана емес Сингапур, Канада және Австралия сияқты дамыған елдермен салыстырғанда ШОБ қолдау бойынша қазақстандық бағдарлама теңдессіз екені анықталды», - деп атап өтті Қ.Бишімбаев.

Ол сондай-ақ Қазақстан Үкіметі экономикалық ынталандыру шараларының жаңа пакеті әзірленіп жатқанын хабарлады.

Алдында мәлімдегендей, 6 ай бұрын Ұлттық қордан «Бәйтерек» холдингіне 100 млрд теңге бөлінген болатын. Президент тапсырмасына орай, сол 100 млрд теңге «Даму» қоры арқылы шағын және орта бизнес бағытында игерілуі керек болатын.

«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ҚР Президентінің жарлығына сәйкес құрылған. Холдингті құру мақсаты экономиканың дамуына және әртараптандыру, инвестициялар тарту, кластерлерді дамыту және оның еншілес компанияларында корпортаивтік басқару жүйесін жетілдіру болып табылады. 

Холдингке мыналар кіреді: «Қазақстан Даму Банкі» АҚ, «Қазақстан инвестициялық қоры» АҚ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ, «Қазақстандық ипотекалық компания» АҚ, «ҚазЭкспортГарант» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Ұлттық технологиялық дамыту жөніндегі агенттік» АҚ және басқа да бірқатар даму институттары.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу