Жамбыл облысындағы тыңайтқыш өндіретін жаңа химия кешенінде 2 мың жұмыс орны құрылады - ҚР ИДМ

Жамбыл облысында 2015 жылы «ЕуроХим» компаниясы салатын минералды тыңайтқыштар өндіретін химия кешенінде 2 мың жұмыс орны құрылады, деп хабарлайды ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде. 

«Химия кешені жобасын жүзеге асыру барысында 2 мыңға дейін жұмыс орнын құру жоспарланған», - делінген хабарламада. 

Минералды тыңайтқыштар өндірісі бойынша зауыттың қуаттылығы жылына 1 млн тоннадан кем емес көлемді құрайды. Химиялық кешен 300 мың тонна азот-фосфор-калий (NPK) тыңайтқыштарын, 600 мың тонна калий сульфатын, 660 мың тонна фосфат дикальциясы, 1,2 млн тонна гипс, 390 мың тонна кальций хлоридін және 120 мың тонна магний сульфатын өндіреді. Кешен құрылысын 2018 жылы аяқтау жоспарлануда. 

«Бүгінгі күні жобаға шамамен 150 млн АҚШ доллары инвестиция салынды. Жалпы, жоба 2012 жылы жасалған Жол картасына сәйкес жоспарланған мерзімдерде іске асырылуда», - деп баса айтты ҚР ИДМ-де.

Министрліктің «ЕуроХим» АҚ бас директоры Д.Стрежневтің сөзіне сілтемесіне сәйкес, компания жобаның бірінші кезеңін – ұсақтау және бөлшектеуді қоса, тау-кен кешені құрылысын табысты іске асыруда. Бірінші кезең бойынша карьер жанындағы өнеркәсіптік алаң бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталды, инфрақұрылымы бар АБК жөнделді және іске қосылды, байыту кешенінің бірінші кезекті объектілерінің құрылысы басталды (бөлшектеу және құрғақ ұсақтау), пайдалануға беру 2015 жылдың қыркүйегіне жоспарлануда. 

Екінші кезең – Жаңатас қаласында фосфатты қайта өңдеу Химиялық кешенінің құрылысы бойынша – компания химиялық кешенді жобалауды аяқтады, ағымдағы жылдың 3 тоқсанында жобаны мемлекеттік сараптамаға тапсыру және ағымдағы жылы Химиялық кешен объектілері құрылысын бастау жоспарлануда.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу