БЖК 2020 мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға Алматы облысында 4,5 млрд теңге бөлінді

Алматы облысында «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға биылғы жылы 4,5 млрд. теңге бөлінген, деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бөлінген қаражаттың 3,5 млрд. теңгесі жеке кәсіпкерлікті дамытуға, 1 млрд. теңгесі индустриалды инфрақұрылымды дамытуға жұмсалуда.

Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Т.Шойынбековтің хабарлауынша, жыл басынан бері Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында жалпы сомасы 6,4 млрд. теңге болатын 74 жоба қаралып, мақұлданған. Бағдарлама шеңберінде жалпы сомасы 34 млн. теңге грантқа ие болған ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің 4-еуі мүмкіндігі шектеулі азамат, 8-і әйел, 4-еуі жас кәсіпкер. 

Сонымен қатар, бизнесмендерге пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және ішінара кепілдік ету тұрғысында да ірі көлемде қолдаулар көрсетілуде. Сөйтіп, Алматы облысы несиелік портфельдің көлемі жағынан 3-ші орында тұр.

Бүгінгі күні әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі факторы болып саналатын шағын және орта бизнесте экономикалық белсенді халықтың 30 пайызға жуығы еңбек етеді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу