Алматы қаласының Алатау ауданындағы индустриалды аймақтың инженерлік инфрақұрылымын салуға 17,8 млрд теңге бөлінді

Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан индустриалды аймақ аумағында инженерлік инфрақұрылым салуға республикалық бюджеттен 17,8 млрд теңге бөлінді.

Сондай-ақ, индустриалды аймақтың инвестициялық тартымдылығын арттыру және ондағы бизнес субъектілеріне ыңғайлы болуы үшінАлматы қаласының әкімдігі қаззір ішкі инженерлік желілерді салу бойынша жалпы сомасы 7,8 млрд теңге болатын 8 жобаны әзірлеп жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, Алматыда Индустриалды аймақтың инфрақұрылымын салу құрылысы және оны сыртқы инженерлік желілермен қамтамасыз ету жұмыстары 2016 жылдың екінші тоқсанында толығымен аяқталады.

Құрылыс жұмыстары Елбасы Н. Назарбаевтың тапсырмасын орындау аясында биыл аяқталады. Бүгінгі таңда Алматының Алатау ауданында орналасқан Индустриалды аймақ сыртқы инженерлік желілермен 90 пайызға жабдықталған. Мысалы, электрмен және газбен жабдықтау желілері және автокөлік жолдары толығымен салынып бітті. Ал сумен жабдықтау жүйесі - 75 пайызға, су тарту жүйесі - 70 пайызға, темір жол желісі - 95 пайызға салынды.

Айта кетелік, Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан Индустриалды аймақ - экспортқа бейімделген, бәсекеге қабілетті, жоғарытехнологиялық өнімдер шығаратын өнеркәсіптік кәсіпорындар кешені. Онда 7 өндірістік сектор белгіленген. Олар: машина жасау, құрылыстық өнеркәсіп, фармацевтикалық өнеркәсіп, химиялық өнеркәсіп, жиhаз өнеркәсібі және жеңіл өнеркәсіп секторлары.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу