31 Қазан 2016, 10:32
Ертең, 1 қарашада, сағат 10:00-де, Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық тәртіпте Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.
Күн тәртібінде - ҚР көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту, сонымен қатар геология саласы мен жер қойнауын пайдалануды дамыту мәселелері.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.
Сонымен бірге, отырыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері мен Үкімет мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтетінін хабарлаймыз.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу