Отандық мұнай сервисін дамыту мәселелері бүгін Үкімет отырысында талқыланады

Бүгін, 10 қазанда, Үкімет үйінде, 15:00-де Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің селекторлық режимдегі кезекті отырысы өтеді.

Отырыста ҚР Үкіметі мүшелері отандық мұнай сервисін дамыту бойынша шараларды, жекешелендіру, мүлікті жария ету бойынша акцияларды өткізу барысын талқылайды және республика бойынша астық жинау жұмыстарын қорытындылайды.   

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.

Сонымен қатар, отырыс қорытындысы бойынша Үкімет мүшелерінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу