13 Ақпан 2017, 11:16
Ертең, сағат 11:00-де, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.
Күн тәртібінде – Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы мен Алматы қаласында 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 өткізу қорытындысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн- таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.
Отырыс қорытындысы бойынша ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменовтың, қаржы министрі Б. Сұлтановтың және инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбектің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу