16 Қаңтар 2017, 11:21
Ертең, сағат 10:00-де, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.
Күн тәртібінде – Алматы қаласында өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2017ге дайындық барысы және отандық кинематографияны дамытудың басым бағыттары.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.
Отырыс қорытындысы бойынша мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлы мен мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу