18 қазанда Үкімет отырысында елді мекендерді сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралады

Ертең, 18 қазанда, сағат 10:00-де, Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің селекторлық режимдегі кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – елді мекендерді сумен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру шаралары, ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту мәселелері.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.

Сонымен бірге, отырыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері мен Үкімет мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтетінін хабарлаймыз.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу