02 Мамыр 2017, 03:32
Бүгін, 10:00-де, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің селекторлық режимдегі кезекті отырысы өтеді.
Күн тәртібінде – 2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының тұжырымдамасы, мәдениет объектілерін дамыту және жаңғырту, ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы мәдени және спорттық шаралардың кешенді бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелерінің қарауына енгізілген қаулылардың жобалары.
Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.
Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу