20 Ақпан 2017, 11:31
Ертең, сағат 16:30-да, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.
Күн тәртібінде – 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау бойынша Заңды іске асыру мәселелері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың су тасқыны кезеңіне дайындығы, сондай-ақ «Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.
Отырыс қорытындысы бойынша ішкі істер және қорғаныс министрліктері өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу