23 Қаңтар 2017, 09:20
Ертең, сағат 10:00-де, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.
Күн тәртібінде – мемлекет және үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) арасындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары және көмір өнеркәсібін дамыту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.
Отырыс қорытындысы бойынша дін істері және азаматтық қоғам министрі Н. Ермекбаев пен ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу