Үкімет отырысында 25 қазанда еліміздің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы қаралады

Ертең, 25 қазанда, сағат 10:00-де, Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің селекторлық режимдегі кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – еліміздің ағымдағы жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және мемлекеттік бюджеттің атқарылуының қорытындысы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.

Сонымен бірге, отырыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдері мен Үкімет мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтетінін хабарлаймыз.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу