26 Желтоқсан 2016, 06:17
Ертең, 10:00-де, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.
Күн тәртібінде – ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2016 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және ҚР Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспарының жобасы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу