26 Қыркүйек 2016, 06:52
Ертең, 27 қыркүйекте, 10:00-де, Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Қазақстан Үкіметінің селекторлық режимдегі кезекті отырысы өтеді.
Күн тәртібінде – республикадағы тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысының барысын, сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту үшін қолданылып жатқан шараларды талқылау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан көріңіздер.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу