28 ақпанда Үкімет отырысында 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шараларының жоспары қаралады

Ертең, сағат 10:00-де, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде - 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шараларының жоспары, білім берудегі ІТ жүйелер, сонымен қатар құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеу мәселелері.  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметтің баспасөз орталығында баспасөз конференциясы өтеді. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу