29 қарашада Үкімет отырысында АӨК, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламаларының жобалары қаралады

Ертең, 29 қарашада, сағат 10:00-де, Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық тәртіпте Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.

Күн тәртібінде – 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасы мен нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламаларының жобаларын талқылау.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтың, ҚР ұлттық экономика министрі Қ. Бишімбаевтың, ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу