4 сәуірде Үкімет отырысында Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралады

Ертең, сағат 10:00-де, Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді. 

Күн тәртібінде – Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер.

Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу