04 Қазан 2016, 06:21
Ертең, 5 қазанда, 10:00-де, Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы өтеді.
Күн тәртібінде – «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысын талқылау, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері, сондай-ақ «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасын қарау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-көрсетілімін primeminister.kz сайтынан көріңіздер.
Сонымен қатар, отырыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің және Үкімет мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтетінін хабарлаймыз.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу