Үкімет отырысында 2013 жылға арналған нақтыланған бюджетті iске асыру туралы қаулы жобасы қабылданды
Бүгін Үкімет отырысында 2013 жылға арналған нақтыланған бюджетті iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы ұсынылып, мақұлданды. Ол бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын және инфрақұрылымдық жобаларды Ұлттық қордан бөлінетін нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен жүзеге асыруға бағытталған.
ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев айтып кеткендей, қаулы жобасы Бюджет кодексінің талаптарына сәйкес қалыптастырылды, ол жергілікті атқарушы органдарға берілетін нысаналы трансферттердің сомалары мен 2013-2015 жылдарға арналған басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі бойынша қайта бөлуді және 2013 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалар тізбесін толықтыруды қамтиды.
Бұдан басқа, қаулы жобасы ағымдағы жылы жалпы сомасы 6,9 млрд теңгені құрайтын, кейінге қалдыру шартымен бюджетке қосылған, басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесін қамтиды, оның ішінде Астана қаласы объектілері бойынша жедел іске асыруды талап ететін аса маңызды міндеттерді шешуге бағытталғаны - 5,1 млрд. теңге.
Қаулы жобасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде өңірлер бойынша халық санына және алдыңғы жылғы жұмыс нәтижелеріне байланысты критерийлерді ескере отырып, қаражатты бөлу жөніндегі ұсыныстары көзделген.
Бұдан басқа, бюджет қаражатын игеруді жақсарту мақсатында жобада бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің (Денсаулық сақтау, Көлік және коммуникация, Индустрия және жаңа технологиялар, Өңірлік даму министрліктері) бюджеттік кіші бағдарламалар шеңберінде қаражатты қайта бөлу жөніндегі ұсыныстары ескерілген.
Қаржы құжатының жобасы алдында Республикалық бюджет комиссиясының отырысында мақұлданды.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз