Үкімет отырысында елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралды
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысын өткізді, оның барысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, 2020 жылға дейінгі табиғи монополиялар саласындағы тарифтік саясат бағдарламасы бекітілді және 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасындағы қызмет саласын дамыту бойынша бағдарлама жобасы қаралды. Сондай-ақ, 2050 жылға дейін елорданың әлемдегі үздік қалалардың ондығына енуі Тұжырымдамасы мақұлданды.
Тарифтік саясат бағдарламасымен таныстырған ұлттық экономика министрі Е.Досаев оның басты мақсаты табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің тиімді жүйесін құру екенін айтты.
Бағдарламада шығындарды реттеу әдісі, табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнаманы ырықтандыру, тариф құрудың ынталандырушы әдістерін пайдалану қарастырылған.
«Бұл бағдарламаның жүзеге асырылуы тарифтің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, жылумен қамту, сумен қамту және суды тарту саласына қосымша жеке инвестицияларды тартып, табиғи монополиялар саласында ескіру мен шығындарды 2020 жылға қарай жоспарланған деңгейге дейін азайтады», - деп түйіндеді Е.Досаев.
Сонымен бірге, отырыста 2014 жылдың 11 айында елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы, республикалық бюджеттің атқарылуы және әлеуметтік-экономикалық саясат шараларының Жол картасының жүзеге асырылу барысы талқыланды.
Жиынды қорытындылай келе, Үкімет басшысы тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз