Үкімет отырысында жерлерді түгендеу және ЕЭА қызметі мәселелері қаралды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкімет отырысын өткізді, онда Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру барысы қаралды.

Отырыста ұлттық экономика министрі Е.Досаев сөз сөйледі, ол ауыл шаруашылығы, тұрғын үй және басқа да мақсаттарға арналған жерлерді түгендеу туралы баяндады.

ҰЭМ басшысы хабарлағандай, «2011 жылғы тексеру және 2012-2013 жылдары жерлерді түгендеу қортындысы бойынша 11,7 млн га ауыл шаруашылығына арналған пайдаланылмайтын жер, 5,7 мың га ЖТҚ арналған жер және 14,7 мың га коммерциялық мақсаттағы жер анықталды».

«2013 жылдың қортындысы бойынша жалпы аумағы 1,9 млн га болатын 4,9 мың пайдаланылмайтын жер телімі анықталған.

«Мемлекеттік меншікке 532 мың га қайтарылды, сонымен бірге ауыл шаруашылығы айналымына 105,8 мың га тартылды», - деп атап өтті Е.Досаев.

Министрдің мәліметінше, жеке тұрғын үй құрылысына ұсынылған жерді түгендеу нәтижесінде «55 мың пайдаланылмайтын жер телімі анықталды». Жүргізілген жұмыс нәтижесінде 16,3 мың жер телімі бұрынғы меншік иелерімен игеріле бастады.

Ұлттық экономика министрлігінің басшысы коммерциялық мақсаттарға ұсынылған жер телімдерін түгендеу нәтижелері туралы хабарлады.

«Әкімдіктердің мәліметінше коммерциялық мақсаттарға 154,6 мың жер телімі ұсынылған, олардың 5,6 мыңы пайдаланылмайды. Пайдаланылмайтын жер телімдері Жамбыл, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында көп», - деді Е.Досаев.

Министр атап өткендей, жерді пайдалану сферасындағы проблемаларды шешуді жүйелеу мақсатында жұмыс тобы құрылып, жергілікті атқарушы органдармен келісілген кешенді жоспар жобасы әзірленген. Бұдан өзге, ҰЭМ ауыспалы егіс пен агротехнологияны сақтаудан тұратын жердің құнарлылығын сақтауға және арттыруға бағытталған міндетті шараларды қарастыратын Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді рационалды пайдалану ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізуге бастамашы болды.

Отырыста сондай-ақ инвестициялар және даму вице-министрі Е.Сағадиев ЕЭА жетілдіру мәселелеріне қатысты заң жобасын таныстырып, инвестициялар тартудың жаңа әдістері туралы айтты.

Отырыс қортындысы бойынша Премьер-Министр сәйкес мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырмалар берді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу