Сейсенбі, 14 маусымда Үкімет Үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі кезекті отырысы өтеді.
Күн тәртібінде бизнесті дамыту және қолдау, сондай-ақ мүлікті жария ету бойынша науқан өткізу мәселелері қаралады.
Отырыстың онлайн-таратылымын Primeminister.kz сайтынан қараңыздар, басталуы сағ.15-00.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу