Қазақстандық индустриалдық-инновациялық компаниялар шығындарының бір бөлігін өтеуге өтінімдер қабылдау басталды - NADLoC

«NADLoC» Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» АҚ индустриалдық-инновациялық қызмет субъектілерінен шығындардың бір бөлігін өтеу жөнінде өтінімдерді қабылдауды бастады, деп хабарлайды агенттікте. 

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі» индустриалдық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуге өтінімдер қабылдауды бастады», - делінген хабарламада. 

Агенттікте нақтылағандай, ережеге сәйкес, отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігі ішкі нарықта 2015 жылғы 1 сәуірден бастап өтеледі. Инновациялық компаниялар шығындарының бір бөлігін өтеу тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді және сапа менеджменті жүйесін сертификаттауға байланысты консультациялық қызметтерге ұсынылады.

«Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне өтеуге ұсынылған соманың 50% көлемінде негізделген және құжатпен бекітілген шығындар өтеледі, бірақ индустриялық-инновациялық қызметтің бір субъектісіне үш мың айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс», - деп атап өтті «NADLoC» АҚ-да.

Агенттікте атап өткендей, өтінімдерді қабылдау мерзімі - 2015 жылғы 30 сәуір. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу