Қоршаған ортаны қорғаудың министрлігінің жаңа вице-министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің вице-министрі болып Ерлан Нысанбаев тағайындалды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Жұма, 1 ақпан күні, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров ұжымға жаңа вице-министрЕрлана Нысанбаевты таныстырды», - делінген хабарламада.

Ерлан Нысанбаев 1961 жылы 11 тамызда Алматы  облысында туған.

Қазақ ауыл шаруашылығы  институты мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

Орман шаруашылығының инженері, қаржы бакалавры біліктілігіне, ауыл шаруашылығы ғылымдары кандидаты ғылыми дәрежесіне ие.

Өз еңбек жолын 1983 жылдың қыркүйегінде Алматы облысында орман шаруашылығының шебері болып бастаған.

2006 - 2009 жылдары «Астана-Жасылқұрылыс» АҚ бас директоры болып еңбек етті.

2009 бастап ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің вице-министрі болып тағайындалғанға дейін, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы лауазымында болды.

Астананың 10 жылдығына арналған мерейтойлық медалімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу