Медициналық көмек сапасын және дәрігерлердің кәсіпқойлығын арттыру қажет - ҚР Премьер-Министрі С.Ахметов
ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов республикамыздың денсаулық сақтау саласында жұмысты күшейтіп және сәйкес шараларды қабылдау үшін бірнеше бағытты айқындады.
«Жалпы алғанда Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде айтарлықтай ауқымды, мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізілуде. Әрине, ерекше көңіл бөлуді талап ететін мәселелер де бар», - деді С.Ахметов бүгін Үкімет отырысында.
«Бірінші. Мемлекет басшысының тапсырмасымен біз талқылау жүргізіп, 2014 жылдан бастап республикалық бюджет деңгейінде амбулаториялық-емханалық көмекке шығындарды шоғырландыру жүргізу шешімін қабылдадық, басқаша айтқанда жан басына қаржыландыру», - деп жалғастырды Үкімет басшысы.
«Жан басына қаржыландыруға байланысты қаржыландыруды түзетеміз, БҰДЖ оған мүмкіндік береді. Сапалы жағдай жасалуына байланысты ақша аласыңдар», - деп атап өтті С.Ахметов.
«Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдермен бірлесіп оны жүзеге асыру үшін барлық шараларды қолдану қажет», - деп тапсырды Премьер.
«Емдеудің төмен сапасына қатысты арыздың көп түсетіні бәріне мәлім, сондықтан әсіресе тар бейінді, мамандарымыздың кәсіпқойлығын арттыру қажет. Мысалға, кардиологтарды, басқа да мамандықтарды жергілікті деңгейге барынша тартып, үйрету керек», - деді С.Ахметов.
«Үшіншісі. Республикамызда аса қиын операцяиялар жүргізіледі, алайда сауықтыру және қалпына келтіріп емдеу саласы нашар дамыған. Бұл мәселе әлі бастапқы кезеңде, алайда оған барлық жағдай жасалған. Бұл мәселені мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті пайдаланып жетілдіруге болады», - деді С.Ахметов.
Еліміздің шалғайдағы аудандарының халқына медициналық қызмет көрсетудің күрделі мәселелері жөнінде айта келе Премьер-Министр жедел медициналық жәрдемді және санитарлық авиацияны дамыту бойынша ұсыныстарды қарауға енгізуді тапсырды.
Сонымен қатар, Үкімет Басшысы СҚ «Фармация» қызметіне баса назар аударды. «СҚ «Фармация» қызметін қарап шығайық. Осы маңызды құрылымды одан әрі дамыту бойынша сәйкес жұмыстар жүргізу қажет»,- деп қортындылады
С.Ахметов.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз