Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Мемлекет басшысының әрбір тапсырмасын жедел әрі мұқият пысықтау қажет — Р. Дәленов

Сейсенбі, 28 Қаңтар 2020, 09:29:53

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 24 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша шаралар туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Р. Дәленов баяндады. 

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету және халықтың табысын арттыру жөнінде нақты міндеттер қойды. Жалпы 80-нен астам тапсырма берілді.

Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру бойынша шаралар кешенін ұсынды.

Р. Дәленов орта мерзімді кезеңге арналған экономикалық даму жоспарын әзірлеп, үш заң актісін қабылдау қажет екенін айтты. Бұл – жаңа редакциядағы «Техникалық реттеу туралы» заң, Бюджет кодексіне өзгерістер және Денсаулық кодексі. Сондай-ақ үш бағдарламалық құжатты бекіту қажеттігі айтылды. Бұл – Ақша-несие саясатының стратегиясы, Сауда саясаты бағдарламасы және Су ресурстарын басқару бағдарламасы.

«Мемлекет басшысының әрбір тапсырмасын мазмұнды әрі жедел пысықтау қажет. Осыған байланысты, Премьер-Министрдің төрағалығымен Үкіметте жұмыс тобын құру ұсынылады», — деді ұлттық экономика министрі.

Жұмыс тобы шеңберінде 10 шағын топты айқындау ұсынылады. Бұл топтар Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын қамтиды. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары шағын топтарды басқарады және оларға дербес жауапкершілік жүктеледі.

Әрбір шағын топтың шеңберінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын іс жүзінде орындауға бағытталған нақты шаралар әзірленуде.

1. Салық-бюджет саясаты бойынша (ҰЭМ) мемлекеттік бюджеттің тұрақтылығы үшін ашық және прагматикалық саясат құру бойынша шаралар әзірленетін болады. Барлық салықтық преференциялар мен жеңілдіктер олардың тиімділігі тұрғысынан талданатын болады.

Ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде Бюджет кодексіне контрциклдік бюджет қағидаларын бекіту бойынша өзгерістер енгізіледі.

2. Ақша-кредит саясаты мен қаржы секторы бойынша (ҰБ мен ҚНРДА) инфляция мен экономикалық өсу арасындағы консенсусқа қол жеткізуге бағытталған шаралар әзірленетін болады. Ағымдағы жылғы 1 шілдеге дейін Ақша-кредит саясаты стратегиясы және хеджирлеу инфрақұрылымын дамыту бойынша ұсыныстар әзірленетін болады. Сондай-ақ қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды дамыту және ұлттық төлем жүйесін құру бойынша шаралар әзірленетін болады.

3. Мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор бойынша (ҰЭМ) құзыреттілік пен тиімділікті арттыруға және дебюрократияға қатысты шаралар әзірленетін болады. Ағымдағы жылғы 1 мамырға дейін нәтижесіз шығыстарды қысқарту бойынша шаралар қабылданатын болады. Сонымен бірге, ауыртпалықсыз кейінге қалдыруға болатын мемлекеттік шығыстардың тізбесі айқындалады.

4. Кәсіпкерлікті, бәсекелестікті дамыту және мемлекет меншігінен алу бойынша (ҰЭМ). Кешенді шаралар іске асырылатын болады. Бұл – нарықты монополиясыздандыру, әкімшілік және экономикалық кедергілерді жою, сондай-ақ бизнестің мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуға қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау мен консультациялар алуын оңайлату мақсатында «Бизнеске арналған үкімет» бірыңғай терезесі құрылатын болады. Жекешелендіруге жататын объектілердің тізімі кеңейтілетін болады.

5. Агроөнеркәсіптік кешен бойынша (АШМ) ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу және Агроөнеркәсіптік кешенде мемлекеттік қолдаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін барлық жағдайлар жасалатын болады. Осы жылдың соңына дейін Су ресурстарын басқару бағдарламасы әзірленетін болады.

6. Өнеркәсіп және құрылыс бойынша (ИИДМ) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды, қайта өңдеу өнеркәсібін тиімді дамыту жөнінде, сондай-ақ еңбек өнімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылданатын болады. Қосылған құнның жаһандық тізбегіне ену жөніндегі, сонымен қатар экспортты арттыру және әртараптандыру бойынша шаралар іске асырылатын болады. Одан басқа, тұрғын үй салу және инфрақұрылымды сапалы дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады. Ағымдағы жылдың соңына дейін жаңа редакциядағы «Техникалық реттеу туралы» Заң қабылданады.

7. Сауда саясаты бойынша (СИМ) бағдарлама әзірленетін болады.

Өткізу нарықтарына қол жеткізуді қамтамасыз ету және электрондық сауданы дамыту бойынша шаралар іске асырылатын болады.

8. Әлеуметтік саясат бойынша (ЕХӘҚМ) әлеуметтік саладағы заңнамаға түгендеу жүргізілетін болады. Биылғы 1 шілдеге дейін елдің зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша тәсілдер мен шешімдер әзірленетін болады.

9. Денсаулық сақтау саласында (ДСМ) медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша шаралар, оның ішінде Денсаулық кодексі қабылданады. Кодекстің жобасы ашық және кеңінен талқыланады.

10. Білім беру бойынша (БҒМ) педагогтарды даярлау жүйесін жетілдіру жөнінде шаралар қабылданады. Ғылыми-өндірістік кластерлер құру және адами капиталды дамыту бойынша ұсыныстар әзірленетін болады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес осы жылғы 15 мамырға дейін Орта мерзімді перспективаға арналған экономикалық даму жоспары қабылданатын болады. Жұмыс тобы әзірлеген негізгі шаралар Жоспарға енеді. Әрбір орталық мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы орган белсенді қатысады», — деп түйіндеді Р. Дәленов.

 


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
03 Маусым 2020, 21:56
2020 жылғы 4 айдағы АӨК қорытындысы: қуаттылығын арттыру, дақылдар алқабын ұлғайту және цифрландыру
03 Маусым 2020, 21:34
Жаңа кәсіпорындар, жолдар салу, баспанамен қамтамасыз ету — Қазақстанда өнеркәсіп саласының дамуы
03 Маусым 2020, 18:24
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовты қабылдады
03 Маусым 2020, 16:24
Ақмәди Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
02 Маусым 2020, 18:22
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
02 Маусым 2020, 18:19
Елбасы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады
02 Маусым 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
02 Маусым 2020, 12:23
ҚР Үкіметінің отырысы, 02.06.2020
02 Маусым 2020, 11:45
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №338 Қаулысы
02 Маусым 2020, 11:13
Биыл ҰБТ-ға 131 мыңнан астам оқушы қатысады — ҚР БҒМ
02 Маусым 2020, 10:40
2020 жылы жұмыспен қамту шараларымен 1 млн 220 мың адамды қамту жоспарланған - ЕХӘҚМ
02 Маусым 2020, 10:33
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин санитарлық талаптарды сақтай отырып, ҰБТ-ны сапалы өткізуді тапсырды 
02 Маусым 2020, 10:19
Халықты жұмыспен қамту бірінші кезектегі мәселе — А. Мамин  
01 Маусым 2020, 19:33
Қаржыландыруды және жергілікті қамтуды ұлғайту: Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
01 Маусым 2020, 18:57
Қазақстанда туристік нысандар жұмысының алгоритмі әзірленді
01 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады
01 Маусым 2020, 17:03
Түркістан облысы Мақтаарал ауданында қызыл су салдарынан орын алған техногенді төтенше жағдай туралы депутаттық сауал
01 Маусым 2020, 11:27
2 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
30 Мамыр 2020, 12:30
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №63
30 Мамыр 2020, 09:14
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеуі
29 Мамыр 2020, 18:15
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин: ТМД елдерінің дербестігі факторын күшейту қажет  
29 Мамыр 2020, 18:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №336 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 18:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №333 Қаулысы
29 Мамыр 2020, 17:05
Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды
29 Мамыр 2020, 15:56
ВАК блок-бекеттерді алып тастау және бірқатар саланың жұмысын жандандыру туралы шешім қабылдады
28 Мамыр 2020, 21:59
Қазақстан Президенті «COVID-19 пандемиясы тұсында және одан кейінгі кезеңде дамуды қаржыландыру» атты жоғары деңгейде өткен шараға қатысты
28 Мамыр 2020, 18:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №327 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 18:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы №332 Қаулысы
28 Мамыр 2020, 16:08
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
28 Мамыр 2020, 15:12
11 сала бойынша 230 үздік маман ҚР бәсекеге қабілеттілігін арттыру жұмыстарына тартылды 
28 Мамыр 2020, 13:45
ҰБТ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өткізіледі
28 Мамыр 2020, 11:14
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
27 Мамыр 2020, 20:20
Мұнай өндіру, газдандыру және инвестиция тарту — Қазақстанның энергетика саласына шолу
27 Мамыр 2020, 16:33
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысына қатысты
27 Мамыр 2020, 11:36
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАӘ елшісі Мұхаммед Әл-Джаберге «Достық» орденін табыстады
26 Мамыр 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия карантин режимінің сақталуына бақылауды күшейту мәселесін қарастырды
26 Мамыр 2020, 16:41
Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
26 Мамыр 2020, 12:22
Көктемгі егіс науқаны оңтүстік облыстарда толығымен аяқталуға жақын
26 Мамыр 2020, 12:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 26.05.2020
26 Мамыр 2020, 11:43
Мал шаруашылығы секторында 4% деңгейінде тұрақты өсім сақталуда — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 11:04
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 22,5 млн га алқапқа егу жоспарланған — ҚР АШМ
26 Мамыр 2020, 10:51
Мал шаруашылығын дамытуда өзін-өзі қамтамасыз ету мен экспортты арттыруға басымдық беріледі — А. Мамин
26 Мамыр 2020, 10:18
Қазақстан әлемдік азық-түлік хабының біріне айналу әлеуетіне ие — А. Мамин 
25 Мамыр 2020, 20:51
Фармацевтика саласын жаңғырту және қорғаныш өнімдерін шығару: ТЖ кезінде қазақстандық кәсіпорындардың өндірісі қалай дамыды
25 Мамыр 2020, 19:39
Ведомствоаралық комиссия өңірлерде бірқатар қызмет түрлерін іске қосу туралы шешім қабылдады
25 Мамыр 2020, 18:09
Болат Мажағұлов ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы болып тағайындалды
25 Мамыр 2020, 15:52
Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
25 Мамыр 2020, 10:46
26 мамыр күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
24 Мамыр 2020, 11:00
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №62
24 Мамыр 2020, 08:38
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.