ҚР өңдеуші өнеркәсіптегі салық жеңілдіктерін сақтап қалу қажет - депутат В.Бобров

Үкімет өңдеуші өнеркәсіптегі салық жеңілдіктерін сақтап қалуы тиіс, деп хабарлады бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владимир Бобров. 

"Серік Нығметұлы, Қаржы министрлігі мен Есеп комитетінің жеңілдіктерді ретке келтіру қажеттігі және мүлікті түгендеу туралы пікірін қолдаймын... Кем дегенде өңдеуші өнеркәсіптегі жеңілдіктерді сақтау қажет, оның ішінде ҮИИДМБ кәсіпорындарында", - деді В. Бобров Премьер-Министрге айтқан сөзінде.

Депутат айтып кеткендей "2012 жылы өңдеу секторының өндірісі көлемі 280 млрд теңгені, ал 2011 жылы - 233 млрд теңгені құрады, яғни 20%-ға өскен, оның ішінде салықтар бойынша да". 

"Біз экономика Үкімет пен Есеп комитетінің есептерінен салықтар бермейді дегеніміз жөн болмас. Қазіргі таңда өңдеу өнеркәсібінде үлкен жетістіктерге жетіп отырмыз. Салыстыру мен статистикадағы әдістемені бөліскен дұрыс, өйткені бұл инвесторларымыз бен жұмсшылардың еңбегі. Олар экономикаға өз үлесін қосуда, және де біз оларды қолдауға тиіспіз", - деді Мәжіліс депутаты В.Бобров.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу