ҚР БҒМ жанынан қоғамдық кеңестер құру қажет

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында республикалық «Жұлдыз» балалардың қоғамдық ұйымдары одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті Елена Дмитриенко мәлімдеді. 

«Үкімет балаларды каникул кезінде сапалы, әртүрлі және қауіпсіз демалыспен қамтамасыз етуге қажетті барлық шараны орындап жатыр», - деді Е. Дмитриенко.

Республикалық «Жұлдыз» балалардың қоғамдық ұйымдары одағы» қоғамдық бірлестігінің президенті тәжірибелі балаларға қарау мамандары, ата-аналар қоғамдастығы мен ҮЕҰ мамандары арасынан республикалық кеңес пен өңірлік арнайы қоғамдық кеңестер құру, аталған кеңестердің мүшелеріне тиісті білім мен нұсқаулық беру, жазғы демалысты ұйымдастырудағы өзекті мәселелерді айқындау, балаларды сауықтыру ұйымдарының барлық түрлері мен меншік формасына қарай олардың қызметтеріне жүйелі қоғамдық мониторинг жүргізу және еліміздің барлық өңірлерінде жазғы демалысты ұйымдастыру мәселелеріне қатысты өз ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ, жауапты мемлекеттік органдарға тиісті шешімдерді қабылдауы үшін мониторинг нәтижелері мен анықталған жағымсыз деректер туралы ақпаратты уақытылы жеткізу туралы ұсынысын айтты. 

Оның пікірінше, ҮЕҰ жүйесіндегі қоғамдық құрылымдардың табысты нәтижесі ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары комитеті мен Әділет министрлігінде бар. 

«Бұл ұсыныс Қазақстан балаларының, ұлттың тектік қорының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тағы бір шарасына айналады», - деп сөзін түйіндеді.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу