Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Бизнес ахуалды жақсарту бойынша 8-ші шаралар пакетін қабылдауды тездету қажет — А. Мамин

Сейсенбі, 25 Ақпан 2020, 09:45:41

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бизнес ахуалды жақсарту шаралары қаралды.

Аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстар туралы ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Э. Жұмағазиев және ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов баяндады.

ҚР-да кәсіпкерлікті қолдау «Бизнестің жол картасы», «Еңбек» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында жүзеге асырылуда. 2019 жылы осы бағдарламалар аясында 5903 жоба бойынша қаржылық қолдау көрсетілді, оның 3700-і жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға және 2200-і жаңа өндіріс орнын құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталды.

2019 жылы ЖІӨ-дегі ШОБ үлесі 29,5%-ды құрады. Өткен бес жылда әкімшілік кедергілерді және бизнестің түрлі операциялық шығындарын қысқартуға бағытталған заңнамалық бастамалардың 7 пакеті қабылданды.

Қабылданған реформалардың нәтижесі — Қазақстанның бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингісінде әлемнің 190 мемлекетінің арасында ТОП-25 үздік елдің қатарына кіруі болды.

Қазіргі уақытта бизнес ахуалды жақсарту мәселелері бойынша заңнамалық шаралардың 8-пакеті әзірленіп, Парламенттің қарауына жіберілді. Құжат шарттарды тіркеу рәсімін оңайлатуды (мөртабан қоюды жою), қосылған құн салығын төлеушіні тіркеу тәртібін жеделдетуді (онлайн, 1 күн ішінде), 1 күн ішінде онлайн банктік шоттарды ашу мүмкіндігін, жекелеген рәсімдер бойынша хабарлау қажеттігін болдырмауды (МСҚБ, жол полициясы), ақпаратқа жария қол жеткізу арқылы мәмілелердің қауіпсіздігін арттыруды (тыйым салу, ауыртпалықтар, заңды тұлғалар үшін жылжымайтын мүлікке меншік құқығы туралы), бірқатар рұқсат беру құжаттарын бір пакетке біріктіруді және т. б. қарастырады. 

«Үкімет алдына ШОБ рөлін күшейту және оның ел экономикасындағы үлесін 2025 жылға қарай кемінде 35%-ға, ал 2050 жылға қарай 50%-ға жеткізу міндеті қойылды. Осы көрсеткіштерге қол жеткізу және бизнесті дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау үшін ауқымды әрі жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатыр», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр бизнесті дамытуға ықпал ететін және азаматтардың кәсіпкерлік белсенділігін ынталандыратын шаралар мен бағдарламалардың тиімділігін атап өтті.

«Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін сапалы әрі тиімді шешу үшін үйлесімді жұмысты қолға алу керек. Осыған байланысты бизнес ахуалды жақсарту бойынша 8-ші шаралар пакетін қабылдауды жеделдетіп, осы жылдың 1 маусымына дейін Парламентте тиісті жұмыстарды жүргізу қажет», — деді А. Мамин.

Үкімет басшысы Ұлттық экономика министрлігіне осы жылдың 1 шілдесіне дейін «Бір терезе» қағидаты негізінде кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау шараларын алу рәсімдерін жеңілдететін «Бизнеске арналған Үкімет» жобасын іске асыру жұмыстарын аяқтауды тапсырды.


Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-ботқа жазылыңыз


Жаңалықтар тізбегі
12 Шілде 2020, 11:41
Ерхат Есқалиев «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды
10 Шілде 2020, 21:35
Б. Шәріп «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы қызметінен босатылды
10 Шілде 2020, 20:32
Атырау облысына жұмыс сапары: Е. Тоғжанов аймақтағы эпидемиологиялық ахуалға қатысты шұғыл жиын өткізді
10 Шілде 2020, 19:37
Қазақстан Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді
10 Шілде 2020, 15:07
Үкімет 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын шығарды
09 Шілде 2020, 20:45
Форвардтық сатып алу, егіс жағдайы және азық-түлік тауарларының қоры — Қазақстанның агроөнеркәсіп саласын дамыту
09 Шілде 2020, 16:13
COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстауда
08 Шілде 2020, 19:25
Үкіметтің дағдарысқа қарсы шаралары: экономика өсімін қалпына келтіру және ШОБ-ты қолдау
08 Шілде 2020, 18:30
Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Соты Төрағасының ант беру рәсіміне қатысты
07 Шілде 2020, 18:40
Айгүл Шайымова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды
07 Шілде 2020, 18:35
Мәдина Жүнісбекова ҚР ұлттық экономика вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:29
Нариман Мұқышев ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды
07 Шілде 2020, 18:20
Пандемия жағдайында АХҚО қаржы нарықтарының даму көрсеткіштері қалай өзгерді
07 Шілде 2020, 12:10
Ақылы трассалардың пайда болуы, жолдарды жөндеу және күтіп ұстау, жаңа технологияларды енгізу — Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С. Бармақовпен сұхбат
06 Шілде 2020, 20:15
Инвестиция тарту, ауқымды құрылыс жұмыстары және әлемде танылу — Қазақстанның бас қаласы қалай дамуда
05 Шілде 2020, 09:55
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №68
05 Шілде 2020, 09:37
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық домбыра күнімен құттықтады
04 Шілде 2020, 21:26
Ежелгі Түркістанның жаңғыруы мен қайта өрлеуі — түркі әлемінің рухани астанасы ретінде қалыптасудың жаңа кезеңі
03 Шілде 2020, 13:58
Мемлекет басшысы Тұңғыш Президент – Елбасы Н. Ә. Назарбаевқа арналған монументтің ашылу рәсіміне қатысты
03 Шілде 2020, 09:16
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Үндеуі
02 Шілде 2020, 16:42
Келісім жасасудың жаңа форматы және қашықтан білім беруге көшу — пандемия кезеңінде әлемдік экономиканы онлайн-талқылау қалай өтті
02 Шілде 2020, 12:07
Мемлекеттік комиссия ҚР-дағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекітті 
01 Шілде 2020, 17:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 1 шілдедегі №417 Қаулысы
01 Шілде 2020, 12:04
Astana Finance Days: сарапшылар пост-пандемия дәуіріндегі ислам қаржысы мен финтех индустриясының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндері туралы айтты
30 Маусым 2020, 17:49
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Еуразиялық даму банкі Кеңесінің отырысын өткізді
30 Маусым 2020, 16:19
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті
30 Маусым 2020, 15:27
2020 жылдың басындағы жағдай бойынша айналымда 30 млн-нан астам төлем карточкасы бар — М. Әбілқасымова
30 Маусым 2020, 13:22
ҚР Үкіметінің отырысы, 30.06.2020
30 Маусым 2020, 13:18
АТ-мамандарға деген жыл сайынғы қажеттілік 30 мыңнан астам адамды құрайды — ҚР ЦДИАӨМ
30 Маусым 2020, 11:18
АХҚО EduTech орталығын және Білім беру АТ Альянсын құруды ұсынады
30 Маусым 2020, 11:08
2030 жылға қарай Қазақстанның оқу орындары 3 млн-нан астам жаңа формациядағы маманды дайындайды — ҚР БҒМ
30 Маусым 2020, 11:06
2019 жылы көлеңкелі экономиканы қысқарту ҚР бюджетіне 1,5 трлн теңге қосымша табыс әкелді 
30 Маусым 2020, 10:54
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру жөніндегі «Цифрлық білім» ауқымды жобасын жүзеге асыруды тапсырды
30 Маусым 2020, 10:32
2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономика деңгейі 20%-ға дейін төмендейді — Р. Дәленов
30 Маусым 2020, 10:12
Кәсіпкерлердің 97% онлайн-ККМ көшті — Қаржы министрлігі
29 Маусым 2020, 18:29
Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөнінде кеңес өткізді
29 Маусым 2020, 16:44
30 маусым күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Маусым 2020, 15:52
Волонтерлер жылы қалай өтуде, отандық БАҚ-қа қандай қолдау көрсетіледі және азаматтық қоғам қалай дамиды — А. Балаева халық алдында есеп берді
28 Маусым 2020, 09:54
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №67
27 Маусым 2020, 13:18
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
27 Маусым 2020, 12:09
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтауы
27 Маусым 2020, 10:28
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
26 Маусым 2020, 18:59
Болат Тілепов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымына тағайындалды
26 Маусым 2020, 18:49
Данияр Есин ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды
26 Маусым 2020, 15:30
«Nur Otan» партиясының сайлау алдындағы міндеттемелерін орындау Мәжілістегі фракцияның тұрақты бақылауында
26 Маусым 2020, 14:14
Ажар Ғиният ҚР денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 14:12
Лязат Ақтаева ҚР денсаулық сақтау вице-министрі лауазымынан босатылды
26 Маусым 2020, 14:06
Марат Шоранов ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі болып тағайындалды
26 Маусым 2020, 13:39
Данияр Вагапов ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
25 Маусым 2020, 19:05
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізді
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.