Жаңа Жұмыспен қамту жол картасы еңбек нарығының мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіруге мүмкіндік береді
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Үкіметтің еңбекпен қамту бойынша жұмысын жетілдіруге мүмкіндік береді, деп хабарлады ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында.
"Осы апта ішінде ғана жаңа «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» қабылданды, ол қолданыстағы «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын алмастыратын болады. Жаңа Жол картасы Үкіметтің жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді, сондай-ақ жұмыс берушілерді жұмылдырады", - деді Б. Жәмішев.
Осылайша, министрдің айтуынша, Жұмыс беруші өзінің болашақ қызметкерімен әлеуметтік келісімшарт жасасу жолымен, оны оқытуға тікелей қатысатын болады.
Сонымен қатар, реттеу бағыты бойынша еңбек көші-қонының бюджет қаражатын пайдалана отырып, құрылыс орнын таңдау, тұрғын үй саны нақты өндірістің дамуына бағдарланатын болады.
"Мемлекет пен жұмыс беруші арасында тұрғын үйді бөлу аталған объектілердің құрылысына салынған қаражатқа барабар болады", - деп атап өтті Қаржы министрілігінің басшысы.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз