Жаңа экологиялық кодекс ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесін ескерумен әзірленді — сарапшылар 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің жаңа редакциядағы жобасы мақұлданды. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы А. Есімов түсініктеме беріп өтті, халықаралық сарапшылар қауымдастығының позициясын Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Я. Бериш, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың позициясын «Қазмырыш» ЖШС бас директоры А. Хмелев, экологиялық қоғамдық ұйымдардың позициясын «ЭКOM» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Павлодар Орхус орталығының үйлестірушісі С. Могилюк жеткізді.

Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі Якул Бериш Үкімет отырысында қаралып жатқан мәселе климаттың өзгеруімен күрестің жаһандық мақсаттарына сәйкес келетінін атап өтті. Ол Қазақстан климатты төмен көміртекті, тұрақты дамыту бағытында үлкен прогреске қол жеткізіп отырғанын атап өтті.

«Жаңа Экологиялық кодексті әзірлеу – маңызды халықаралық міндеттемелерді іске асыруға, табиғи ресурстарды орнықты пайдалану үшін негіз құруға және қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін ажырамас қадам. Жаңа Экологиялық кодекстің Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес стратегиялық экологиялық бағалау жүйесін құруға негіз қалайтынына қуаныштымыз», — деді Я. Бериш.

Оның пікірінше, жаңа Экологиялық кодекс салалық мемлекеттік жоспарлар мен бағдарламаларды іске асырудың ықтимал экологиялық салдарын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Жаңа кодекстің қолданыстағы экологиялық әсерді бағалаудың ұлттық жүйесін жеңілдетіп, тұрғындардың осы процеске қатысуын арттыратыны маңызды. Кодекс климат өзгерістерін жұмсарту және қолданыстағы заңдарға бейімдеу бойынша шаралар элементтерін сәтті кіріктіреді, бұрын мұндай болған жоқ. 

«Қазір заңды күшіне енгізу маңызды, бұл нормативтік-құқықтық құрылымды әзірлеуді талап етеді. Біздің қазіргі коллаборацияға негізделе отырып, жұмысты жалғастыратынымызға сенеміз», — деді Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының тұрақты өкілі. 

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов өз кезегінде Қордың кодекс жобасын талқылауға белсене қатысқанын атап өтті.   

«Экологиялық кодексті қабылдау аса үздік қолжетімді технологияларды енгізу үшін қомақты инвестициялардың қажеттілігіне әкеледі. Бұл инвестициялар көлемі тиісті техникалық аудит жүргізілген соң нақтыланады. Бұл аспектіні индустрия өкілдерінің қатысуымен ұлттық анықтамалықты әзірлеу кезінде ескеру қажет», — деді А. Есімов.

А. Есімов әлеуметтік маңызы бар, рентабельділігі төмен кен орындарындағы өндірісті ынталандыру бойынша мемлекеттік қолдаудың пысықталып жатқан шараларына, сондай-ақ қолжетімді технологияларды енгізу кезінде электр энергетикасы саласындағы тарифтік саясатты өзгерту қажеттігіне назар аудартты. 

«Бұл мәселелердің барлығын біз ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен тығыз талқыладық. Біздің ортақ түсінігіміз бар. Жалпы, Экологиялық кодекс жобасын біз қолдаймыз», — деді А. Есімов. 

Өз кезегінде «Қазмырыш» ЖШС бас директоры А. Хмелев экологиялық заңнама бойынша тиісті шараларды әзірлеу үшін бейінді ведомстволар, кәсіпкерлер палатасымен қатар, кәсіпорындардың өзі де тартылуы керек екенін атап айтты. 

 

«ЭКOM» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Павлодар Орхус орталығының үйлестірушісі Светлана Могилюк жаңа Экологиялық кодексті құруға қолдау білдіре отырып, сөз сөйледі.

«Біз қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге қатысу мәселелеріне ерекше назар аударамыз. Біз Экологиялық кодекстің жаңа редакциясында ұсынылған, қоғамның қатысу бөлігіндегі жақсартуларды құптаймыз. Атап айтқанда, біз шешім қабылдау процестеріне қатысудың төрт кезеңін енгізумен, әсіресе, стратегиялық экологиялық бағалау құралының пайда болуымен жұртшылыққа ұсынылатын жаңа мүмкіндіктерді қуана қабылдаймыз», — деді С. Могилюк.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу