23 Мамыр 2017, 10:54
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жетілдіру бойынша жаңартылған заң жобасы азаматтық қоғам өкілдерін іске асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың тақырыптарын қалыптастыру, мониторинг жүргізу және оларың нәтижелерін бағалау үдерістеріне белсенді түрде тартуды қарастырады. Бұл туралы ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов хабарлады.
Вице-министр заң жобасын жетілдіру қажеттілігін «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» алғашқы заңның сонау 2005 жылы қабылданғанымен және оның кейбір тетіктерінің өзектілігін жоғалтқанымен дәйектеді.
«Азаматтық қоғам өкілдері мемлекеттік әлеуметтік қызмет көрсету сапасын жақсарту, жалпы тиімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатымен заңнама нормаларын жетілдіруді ұсынды», - деді А. Нүкенов.
Жаңартылған заң жобасы аясында бүгінде Қазақстанда іске асырылып жатқан әлеуметтік жобаларға мониторинг және талдау жасау бойынша ауқымды жұмыстар атқару жоспарланған. Сонымен қатар, вице-министр заң жобасы ҮЕҰ-дардың қызметтеріне бақылауды күшейтуді көздемейтінін, тек мемлекеттік әлеуметтік жобалардың іске асырылуына бақылау мен мониторинг жүргізу тетіктерін күшейтетінін атап өтті.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу