Ұлттық кәсіпкерлер палатасы көлік-логистикалық жобаларға жеке меншік бизнесті тартады

Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді қатысуымен еліміздің көліктік-логистикалық саласында құрылыс пен жобалар дамуын жүзеге асыру қажет, деп мәлімдеді ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Көлік, логистика және байланыс комитетінің жұмыс кеңесінде ҰКП Төралқасы басшысы Тимур Құлыбаев, деп хабарлады ұлттық палатада.

Егер Қазақстанның Жаңа Экономикалық Саясаты 200 мың жұмыс орнын құрумен белсенді жол құрылысын болжап отырса, ал ҰКП міндеті – көлік-логистика саласына жеке меншік бизнесті тарту, деп атап өтті Тимур Құлыбаев.

«Біздің негізгі міндетіміз – мемлекет пен даму институтында бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Индустрияландыру картасына мемлекеттік-жеке меншік серіктестік қағидаттарын қосу. Бұл еліміздегі көлік-логистика саласының қалыптасуы мен дамуына септесетін болады», – деп баса айтты Ұлттық палата Төралқа Төрағасы.

Комитет төрағасы Асқар Мамин екі темір жол жобасының мемлекет пен жеке сектор ынтымақтастығын көздеп отырғанын, ҚТЖ олар аяқталған соң үлестен шығуды жоспарлап отырғанын хабарлады.

«Құрғақ порт» салынып жатқан «Қорғас» АЭА аумағында дәл осындай сызбаны дамытуды ұсынамыз, ондағы инвестициялар республикалық бюджет пен ҚТЖ бюджетіне тең үлес - 500 миллион долларды құрайды», – деді Асқар Мамин.

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы салалардағы проблемалы мәселелерді талқылай келіп, азаматтық авиацияға да ерекше назар аударуға кеңес берді. Авиатасымалдаушылар арасындағы бәсекенің дамуына жол ашу керек, ол авиабилеттер бағасының төмендеуі арқылы халықтың мобильділігі артуына әкелуге тиіс. Әуежайлар логистикасы төңірегіндегі түйткілдерді шешу де маңызды. Жеке меншік бизнес үшін онда, Тимур Құлыбаевтың ойынша, мүмкіншілік жетерлік.

ҰКП Көлік, логистика және байланыс төрағасы «AirportManagementGroup» компаниясын құру жайын сөз етті. Оның қол астына алты әуежай берілген, тағы да бесеуі беру сатысында жатыр.

ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы қазақстандық кәсіпкерлер мүдделерін қорғаудың маңыздылығын еске сала кетті. «Қазақстан арқылы транзитті дамытудың қазіргі қарқыны шетелдік инвесторлар тарапынан қызығушылықтың жоғарылығын болжайды. Қазіргі таңда отандық бизнесмендер мүддесін қорғауды заңнамалық деңгейде қамтамасыз ету – бір жағынан, ДСҰ және ЕАЭО бойынша біздің міндеттемелерімізді, екінші жағынан, Қазақстан индурстриясының әртараптануын ескеретін артықшылықты жүйе құру маңызды», – деп атап өтті соңында Тимур Құлыбаев.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу