ҰКП бизнесті мораторийді құзыреттілікті арттыру мүмкіндігі ретінде қарауға шақырады

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасы төрағасының орынбасары Заңғар Ноғайбай бизнесмендерді мораторийді өз құзыреттілігін арттыру мүмкіндігі ретінде қарауды шақырды. 

«Біз бизнесті мораторийді өз құзыреттілігін арттыру мүмкіндігі ретінде қарауды шақырамыз», - деді З. Ноғайбай. 

Оның айтуынша, кәсіпкерлерді тексеруге мораторий жариялау жоспарлы және жолпарланбаған тексерулерде демалуға мүмкіндік береді. Осы уақыт аралығында ҰКП Президенттің Жарлықта атап көрсеткен тапсырмаларын орындау бойынша барлық мемлекеттік органдармен жұмыс істеуге тура келеді. Бұл бірқатар маңызды заңнамаларды жасақтау болып табылады.

Сонымен, оның айтуынша келесі қадам ол кәсіпкерлік климатты қалыптастыру бойынша «мемлекет-бизнес» үйлестіру жүйесінде қарым-қатынас орнату. 

«Қазір біз мемлекеттік органдармен және жасақтаушы Әділет министрлігімен бірлесіп жұмыс жасап жатқан Кәсіпкерлік кодексі ол ескертулер мен рұқсат беру бойынша жаңа заңжобасы болып табылады. Онда кәсіпкерлік саласындағы рұқсат беру жүйесіне қатысты қабылданып жатқан реттеушіні жаңа нормативті актілердің тиімділігі сараптау принціпі енгізілген», -деп қортындылады ол.

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу