Нұрсұлтан Назарбаев елорданың алғашқы құрылысына атсалысушылармен кездесті

Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті үзеңгілестерімен бірге елорданың құрылуы және даму тарихына арналған көрмені аралады. Онда Елбасы кітапханасының музейі, мұрағаты және кітапханасы қорынан мыңға жуық экспозиция қойылған.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті астананың алғашқы құрылысына атсалысушыларға арнайы «Назарбаев орталығының» экспозициялық алаңында экскурсия өткізді.

Сондай-ақ, Елбасы елорданы Алматыдан Ақмола қаласына көшірген кездер жайлы естеліктерімен бөлісті.

«Жақын серіктестерім мен адал үзеңгілестерімді көргеніме өте қуаныштымын. Сіздер әсем қаламызды салу барысында әрқашан маған сенімді қолдау көрсеттіңіздер», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу