Нұрсұлтан Назарбаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады

Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында дін саласының қазіргі ахуалы талқыланып, Қазақстанның тарихи және рухани байлығын сақтауға бағытталған шараларға назар аударылды.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Наурызбай қажы Тағанұлын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти болып сайлануымен құттықтады.

«Жаңа қызметіңізбен құттықтаймын. Тиісті біліміңіз бен тәжірибеңіз бар. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін», — деді Елбасы.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу