Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

Сәрсенбі, 29 Қыркүйек 2021, 22:00:05

Отырыста өңірлік қауіпсіздіктің жаңа жағдайларында экстремизм мен терроризм қатерлеріне қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі хабарлайды.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Ауғанстанда болып жатқан оқиғаларға байланысты бұл мәселенің өзектілігі арта түскенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстандағы жағдай бүгінгі таңда Орталық Еуразия кеңістігіндегі маңызды өзгерістерге түрткі болып, ұзақ мерзімді сын-қатерлер тудырып отырғанын айтты. Осыған орай өңірлік қауіпсіздіктің қазіргі тетіктерін нығайтып, жаңа механизмдер қалыптастыру керектігіне тоқталды.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті экстремизм мен терроризм көріністеріне қарсы жан-жақты дайындықты қамтамасыз ету керектігіне назар аударды.

«Өңірлік қауіпсіздікке төнген жаңа сын-қатерлер қорғаныс қабілетін одан әрі күшейту шараларын талап етіп отыр. Қазақстан армиясы заманауи озық стандарттарға сай болуға тиіс. Қарулы күштердің жаңғыруын, қорғаныс өнеркәсібі кешенінің дамуын айқындайтын барлық базалық құжаттар бекітілді. Қазіргі таңда ең бастысы – біз қабылдаған шешімдердің бәрі дұрыс орындалуын қамтамасыз ету», — деді Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы.

Сондай-ақ, азаматтардың қауіпсіздігін арттыру бағытында құқық қорғау жүйесінде жүзеге асырылып жатқан үдемелі реформалардың маңыздылығы атап өтілді.

Елбасы қоғамдағы тыныштық пен келісім мемлекеттің тұрақты дамуының негізі екеніне тоқталып, ұлттық рухани кеңістігіміздің қауіпсіздігін қорғау маңызды екенін айтты.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы мемлекеттің тұрақтылығының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық бөлігін үнемі бақылау қажет екенін атап өтті.

«Азаматтардың нақты кірісін арттыру, сапалы жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осының бәріне экономиканың өсімі арқылы қол жеткіземіз. Денсаулық сақтау мен білім беруді қолдау, азаматтардың өзекті мәселелерін шешу әрдайым мемлекеттік органдардың басты назарында болуға тиіс. Мұның бәрі – қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқаты мен сенімділігінің кепілі. Экстремизм мен радикализмнің өрістеуіне жол беруге болмайды», — деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Жиында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі М. Тілеубердінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы К. Мәсімовтің, Ақпарат және қоғамдық даму министрі А. Балаеваның баяндамалары тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев өңірлік қауіпсіздік саласындағы ұлттық мүддемізді қорғауға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамның орнықты дамуына бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.


Жаңалықтар тізбегі
29 Қараша 2021, 14:47
30 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
29 Қараша 2021, 11:24
А. Мамин Ашхабадта Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысты  
29 Қараша 2021, 10:15
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №834 Қаулысы
28 Қараша 2021, 19:13
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №139
27 Қараша 2021, 19:32
А. Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
27 Қараша 2021, 11:24
Қазақстанда төртінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
26 Қараша 2021, 19:05
Ә. Смайылов Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитетінің 10-шы отырысына қатысты
26 Қараша 2021, 15:09
Түркістанда ҚР мен ӨР аймақаралық ынтымақтастығының III форумы өтті
25 Қараша 2021, 18:32
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің 20-отырысын өткізді
25 Қараша 2021, 12:42
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №827 Қаулысы
25 Қараша 2021, 12:38
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 қарашадағы №831 Қаулысы
23 Қараша 2021, 19:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
23 Қараша 2021, 12:13
ҚР Үкіметінің отырысы, 23.11.2021
23 Қараша 2021, 11:59
Ішкі нарықты жаңа тауарлармен толықтыру мақсатында офтейк-келісімшарттар пайдаланылады — Б. Атамқұлов
23 Қараша 2021, 11:56
Қазақстанда 2021 жылдың жарты жылында тұтынушы құқығының бұзылуы туралы 26 мыңнан астам азаматтың өтініші қаралды
23 Қараша 2021, 10:18
Pfizer вакцинасын 35 мыңнан астам қазақстандық алды — А. Цой
23 Қараша 2021, 10:11
Қазақстанда тұтынушылардың құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен институты енгізіледі
23 Қараша 2021, 10:01
2021 жылдың 9 айында реттелетін сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 6,4%-ға өсті
23 Қараша 2021, 09:30
Қазақстанда тұмауға қарсы вакциналау 99%-дан асты
22 Қараша 2021, 15:05
23 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
22 Қараша 2021, 13:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы №774 Қаулысы
22 Қараша 2021, 13:05
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №809 Қаулысы
22 Қараша 2021, 11:31
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №797 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:41
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 10 қарашадағы №804 Қаулысы
22 Қараша 2021, 10:10
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 қарашадағы №820 Қаулысы
21 Қараша 2021, 12:50
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №138
20 Қараша 2021, 11:37
Қазақстанда үшінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының нөлдік өсімі тіркелді
19 Қараша 2021, 14:34
2021 жылы Қазақстанның ЕАЭО-ға төрағалық етудегі басымдықтарын іске асыру бойынша тиімді жұмыс жүргізілді — А. Мамин
18 Қараша 2021, 16:41
Қызылорда өңірінің экономикасына 4 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды
17 Қараша 2021, 16:56
А. Мамин құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ВАК отырысын өткізді
17 Қараша 2021, 15:35
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қарашадағы №811 Қаулысы
17 Қараша 2021, 12:52
ХВҚ миссиясы Қазақстан экономикасының пандемияға дейінгі өндіріс деңгейіне шыққанын айқындады
16 Қараша 2021, 16:26
Соңғы 3 жылда облыс экономикасына 1,4 трлн теңгеден астам инвестиция бағытталды — Түркістан облысының әкімі
16 Қараша 2021, 13:17
ҚР Үкіметінің отырысы, 16.11.2021
16 Қараша 2021, 12:18
Қазақстанның барлық университеттері жан басына қаржыландыру жүйесіне көшеді — А. Аймағамбетов
16 Қараша 2021, 10:37
Қазақстанда ауылдардың сумен қамтылуын бақылауға мүмкіндік беретін интерактивті карта іске қосылды — Б. Атамқұлов
16 Қараша 2021, 10:22
Қазақстанда соңғы екі аптада ауру деңгейі 23%-ға төмендеді
16 Қараша 2021, 09:48
Үкімет жоғары білім беру сапасын арттыру мәселелерін қарады
16 Қараша 2021, 09:43
А. Мамин: 2021 жылдың қорытындысы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету ауылдарда 91,8%-ға және қалаларда 98%-ға жетеді
16 Қараша 2021, 09:33
Pfizer вакцинасы ҚР нарығының коммерциялық сегментіне жеткізіледі
15 Қараша 2021, 19:07
А. Мамин РФ Үкіметі төрағасының орынбасарлары А. Новакпен және А. Оверчукпен кездесті
15 Қараша 2021, 17:49
Ә. Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысын өткізді
15 Қараша 2021, 14:31
16 қараша күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
15 Қараша 2021, 10:24
Самат Ерғалиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
14 Қараша 2021, 10:38
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №137
13 Қараша 2021, 15:24
Қазақстан Үкіметі мен Дүниежүзілік Банк көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсатындағы инвестициялық саясат мәселесін талқылады
13 Қараша 2021, 11:10
Қазақстанда екінші апта қатарынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің нөлдік өсімі тіркелді
12 Қараша 2021, 16:14
Қазақстан 2022 жылы ТМД-ға төрағалық етеді 
12 Қараша 2021, 09:36
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қарашадағы №795 Қаулысы
12 Қараша 2021, 09:25
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 қарашадағы №792 Қаулысы
Депутаттық сауал
© 2019 - 2021 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.