Экспортталатын өнім көлемі жыл сайын 15% ұлғаяды

Бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы барысында ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдері экспорты бойынша жағдай туралы журналистердің сұрақтарына ҚР ИДМ экспортты дамыту және ілгерілету департаментінің директоры Әнуар Шөжеғұлов пен «Kazakh Invest» ҰК басқарма төрағасының орынбасары Мейіржан Майкенов жауап берді.

Мейіржан Майкенов азық-түлік өнімдері экспортын дамытудың оң динамикасын атап өтті.

«Бүгінгі таңда $2 млрд астам азық-түлік өнімдері Қазақстаннан экспортталады. Негізінен РФ мен Орталық Азия сияқты жақын жатқан нарықтарға экспортталады», — деп нақтылады М. Майкенов.

Оның айтуынша, соңғы бірнеше жылда қазақстандық брендтерді ресейлік ритейл-желілердің сөрелеріне шығару бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Осылайша, РФ-ның 1000 астам сауда орындарында қазақстандық тауарлар бар.

«Оған қоса, қазақстандық өнім тек Қазақстанға жақын жатқан Сібір өңірлерінде ғана емес екенін атап өткім келеді. Өткен аптада қазақстандық өнімдер РФ солтүстік өңірлерінің дүкендеріне жеткізілді», — деп толықтырды ол.

Барлығы 60-тан 80-ге дейін тауар позициясы экспортталады. Жыл сайын экспортталатын тауарлар саны 15%-ға артады.

Сонымен қатар қазір ҚХР-ның ашылатын нарығына ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өнімдерін экспорттау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде, 2017 жылғы 9 айда ҚХР-на АӨК өнімдері экспорты 20,2% ұлғайды ($95,6 млн-нан $119,9 млн дейін). Қой еті, бал, өсімдік майларын жеткізуге келісімдерге қол қойылды. Қой еті, сүт өнімдері экспортына рұқсаттар алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жалпы үлкен перспективалар бар.

Қазақстан өңірлерінде экпортты дамыту туралы сұраққа ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің экспортты дамыту және ілгерілету департаменті директоры Әнуар Шөжеғұлов жауап берді.

Оның айтуынша, әкімдер үшін KPI жасалады, сол бойынша олардың экспортты ілгерілету бойынша қызметі бағаланады. Бұдан өзге, ЖАО-ға экпортқа бағытталған өндірістерді қолдау бойынша Жол карталарын әзірлеу тапсырылды. Осы іс-шаралардың барлығының түпкі мақсаты — 2025 жылға қарай экспорттың екі есеге ұлғаюына қол жеткізу. 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу