Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуірінде негізгі капиталға инвестициялар көлемі 3,1%-ға артты - ҚР ҰЭМ
Ағымдағы жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ға өсті,
деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінде.
«2015 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1415,2 млрд. теңгені құрды, бұл 2014 жылғы қаңтар-сәуірге қарағанда 3,1% артық», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2015 жылғы қаңтар-сәуірде 1,7% құрды.
«Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-нің 67-68%-н құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді», - деп түсіндірді Комитетте.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз