05 Мамыр 2017, 09:12
Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет үйінде өткен Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру бойынша атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында хабарлады.
Айтылған мәліметтерге сәйкес, тау-кен өндіру өнеркәсібінде өсім 5,6% құрады. Оған түсті металдар кендерін өндірудің 10,8%-ға және темір кенін өндірудің -11,4%-ға артуы әсер етті.
Сонымен қатар, өңдеу секторында да оң динамика байқалуда.
«Өткізіліп жатқан жаңа индустрияландыру саясаты нәтижесінде өндіріс көлемі І тоқсанда 6,5%-ға өсті. Бірінші кезекте қара металлургияда 7%, түсті металлургияда - 7,3%, фармацевтикалық өнеркәсіпте - 25,1%, құрылыс материалдары өндірісінде - 7,8%, машина жасауда - 1,8% өсім есебінен», - деп мәлімдеді Ж.Қасымбек.
Бұдан өзге, өндіріс көлемдерінің артуы металлургия өнеркәсібінде байқалуда. Алайда, химия өнеркәсібінде өндірістің 1,2%-ға төмендеуі болды. Оның себептерін түсіндірген министр «бұл бірінші кезекте әлемдік жағдаятпен байланысты» екенін атап өтті.
«Сондай-ақ, біздің өндірушілерге Еуропалық нарықта сату көлемінің төмендеуі әсер етті – Вьетнам өндірушілері тарапынан бәсекелестік күшейді. Оған қоса, жыл қорытындысы бойынша аталған салада оң динамикаға қол жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деді ведомство басшысы.
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу