БЖК-2020 бірінші және үшінші бағыт бойынша субсидиялар көлемі 2015 жылы 29 млрд теңгені құрайды – Л.Ибрагимова

Жаңа бизнес бастамаларды және экспортқа бағытталған кәсіпорындарды қолдау бойынша субсидиялар көлемі республика бюджетінде келесі жылға 29 млрд теңге деңгейінде қарастырылған, деп хабарлады «Даму» қоры басқармасының төрайымы Ләззат Ибрагимова онлайн-конференция барысында.

Сонымен, қор басшысының айтуынша, республикалық бюджет келесі жылға БЖК-2020 бірінші және үшінші бағыты бойынша субсидиялар көлемін нақтылады. Бұл жаңа бизнес бастамалар мен экспорттық-бағытталған өндірістер. Субсидиялар көлемі 29 млрд теңгені құрады.

«Бұл барлық қазақстандық кәсіпкерлер сұранысы үшін жеткілікті болады деп есептеймін», - деп атап өтті Л.Ибрагимова.

«Жаңа жобалардың ішінен моноқалалардағы кепілдік бері бағдарламасын ерекше атап өткім келеді. Бұл бағдарлама қазір Қазақстан моноқалаларында жұмыс жасайтын барлық кәсіпкерлер үшін салалық шектеулерсіз кепілдік алуға мүмкіндік береді. Бұдан өзге, біз Жас кәсіпкерлер мектебін дамытамыз, өйткені жас кәсіпкерлер үшін кепілдіктер бар», - деп толықтырды ол өз сөзін.

Қордың басқарма қазіргі таңда «Бизнестің жол картасы-2020» аясында шамамен 4 мың қазақстандық компания қолдауына ие болғанын хабарлады. Олар кепілзат кепілдігі, сыйақы мөлшерлемесі бойынша субсидиялар алды.

«Соңғы 2 айда әсіресе жас кәсіпкерлер білуі тиіс жаңашылдықтар бар. Өзінің стартаптарын бастайтын 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлер кепілдік беру бағдарламаларына салалық шектеулерсіз қатыса алады», - деді Л.Ибрагимова.

Естеріңізге салып өтер болсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық қордан шағын және орта бизнесті қолдауға 100 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда олардың бәрі де игерілді. Банктер 4,5 мың жұмыс орнын құра отырып, 437 жобаны қаржыландырды. Қосымша «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 80 млрд теңгеден астам төленген субсидиялармен 1 трлн теңге слмаға 4 464 жоба субсидияланған болатын.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу